«Белдеу мен жол» бойындағы елдерге Қытай $90 млрд астам тікелей инвестиция салды

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ – «Белдеу мен жол» бойындағы елдерге Қытай $90 млрд астам тікелей инвестиция салды, деп хабарлады Silkroadnews.
«Қытайлық кәсіпорынның «Белдеу мен жол» бойында орналасқан елдер экономикасына 2013-2018 жыл аралығында салған тікелей инвестиция көдемі $90 млрд. асты, сөйтіп орташа жылдық өсім 5,2% жеткен. Қытайлық компаниялардың «Белдеу мен жол» бойындағы мемлекеттерде сауда-экономикалық аймақ құруға арналған инвестиция өңірлердегі өнеркәсіпті дамытып келеді, 300 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан», - деп хабарлады ҚХР коммерция министрлігінен.
Хабарда атап өтілгендей, 2013-2018 жыл аралығында Қытаймен «Белдеу мен жол» бойындағы елдер арасындағы тауар саудасының көлемі $6 трлн (орташа жылдық өсім – 4%) жетті, бұл ҚХР тауар саудасының жалпы көлемінің 27,4% құрайды.
Жібек жолы экономикалық белдеуі Еуразияның барлық сауда-экономикалық үлгісін түрлендіруге бағытталған «Жаңа Жібек жолы» қытайлық тұжырымдамасының құраушы элементі болып табылады. Сондай-ақ, жоба «Бір белдеу, бір жол» атауымен де танымал.

adimage