Белгілі қазақстандық журналист және құқыққорғаушы Розлана Таукина көз жұмды

Алматы. 27 мамыр. КазТАГ - Белгілі қазақстандық журналист және құқыққорғаушы Розлана Таукина көз жұмды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін Розланадан айырылдық. Мен оның күйеуімен хабарластым. Оның жүрегі тоқтап қалған. Күйеуінің айтуынша, ол ауруханада жатқан, бірақ оның жағдайы ондай бір ауыр болмаған, көз жұмуы мүмкін деген белгі де болмаған болса керек. Жерлеу рәсімі сәрсенбі - 29 мамырда өтеді», - деді Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис жексенбіде.
«Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калееваның айтуынша, Розлананың қазасы туралы хабар оған ауыр тиген.
«Ол әркез серіктес, сенімді жан, адал, белсенді, бастамашыл, және ең бастысы оптимист, шын дос болды», - деді Калеева.
Розлана Таукина 1959 жылы Оралда 30 қаңтарда дүниеге келген. А.С.Пушкин ат. Орал педагогикалық институтының филология факультетін (1979), мамандығы – «Орыс тілі және әдебиеті»; ВЛКСМ ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебі жастар баспасөзі редакторларының факультетін (1981); М.В.Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетін тәмамдаған (1985), журналист. Қазақстан журналистика академиясының академигі (2000 жылдан бері).
Журналистика туралы бірнеше кітаптардың, дөңгелек үстелдерде сөйленген сөздердің жинақтарының құрастырушысы және редакторы, сонымен қатар Қазақстан мұнай бизнесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы журналистік зерттеу кітаптары қатысушыларының бірі. Қазақстандағы мерзімді басылымдардағы көптеген мақалалар мен жарияланымдар авторы.
1974 жылы – телевидения режиссерінің көмекшісі; 1977 -1979 жылдары – облыстық телевидениенің жастар редакциясының редакторы; 1981 - 1983 жылдары – Мәскеу қ. ВЛКСМ Пролетарлық аудандық комитетінің нұсқаушысы; 1982 жылдан бастап – «Комсомольская правда», «Московский комсомолец» газеттерінің тілшісі. 1985 - 1988 жылдары – «Останкино» ОТ жастар редакциясының редакторы; 1990 жылдан бастап – Қазақстандағы «Максимум» тұңғыш тәуелсіз радиостанциясының бас редакторы; 1992 жылы – «Тотем» ТРК президенті және бас директоры; 1997 жылдан бастап – «Караван» радиосының директоры; 1998 -2000 жылдары – «Ассошиэйтед Пресс» АҚШ агенттігінің меншікті тілшісі; 1999 жылдан бастап – Соғыс пен бейбітшілікті көрсету Институтының Қазақстандық филиалының директоры; 2001 жылдан бастап – «Репортеры без границ» халықаралық ұйымының меншікті тілшісі; 2004 - 2007 жылдары – «СолДАТ», «Жума-таймс», «Айна плюс» газеттерінің тілшісі; 2006 жылдан қазірге дейін «Қауырсын және семсермен» («С пером и шпагой»)журналистерге арналған газеттің шеф-редакторы; 2009 жылдан қазірге дейін «Общественная позиция» газетінің бас редакторы болған.


adimage