Белгілі құқыққорғаушы ҰҚК-не шақыртылып жатқанын хабарлады

Күні: 10:14, 03-07-2019.

Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Белгілі қазақстандық құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина ҰҚК-не шақыртылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі сейсенбі күні.
«ҰҚК-не шақыртып жатыр», - деген Төреғожина сейсенбі күні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен белгілі қазақстандық экономист Айман Тұрсынқанның да мәліметтерін іздегенін айтты.
«Айман Тұрсынқан, олар сізді де іздеді, шақырту қағазын тапсыру үшін сіздің телефоныңызды сұрады. Дзержинский-Винорадовтағы (сәйкесінше Наурызбай батыр мен Қарасай батыр – ҚазТАГ) ҰҚК-де кездесеміз», - деп жазған Төреғожина.


Жаңалықтармен бөлісу: