Белгілі журналист Мағауия Сембай өмірден озды

Қарағанды. 4 қараша. ҚазТАГ – Ұзаққа созылған ауыр науқастан 65 жасында белгілі журналист Мағауия Сембай өмірден озды, деп хабарлады достары.
«Соңғы аптада Мағаш (Мағауия Сембай-ҚазТАГ) өзін мықты ұстады, қатты уайымдады, ешкімге білдіртпеді. Түнде туыстары қоңырау шалып, жүрегінің шыдамағанын жеткізді. Біз достан, отбасы берік тірегінен айырылды. Азаматтық жаназасы мен жерлеу рәсімдері Қарағандыда 6 қарашада өтеді», - деді телефон арқылы дүйсенбі күні туған ауылы Қарақаралыда бала кезінен бірге өсіп, кейін мектеп бітіргесін Алматыға оқуға бірге аттанған достары.
Мағауия Сембай – Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған, сосын тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған. Сосын республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде шолушы болған. Қайтадан қарағандылық газет редакторының орынбасары болып шақыртылған, ал соңғы 20 жылда «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған. Оның осы газеттегі жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам.
Адам қызығарлықтай тұрақтылығы, мамандығына адалдығы, қаламының өткірлігі, өмірге деген құлшынысы әріптесімізді ерекшелеп тұратын. Ол бірқатар публицистикалық кітаптардың, өңірдің тарихи оқиғалары мен Орталық Қазақстандағы тағдыршешті очерктердің авторы. Осы шығармашылық жұмыстары үшін Мағауия Сембай журналистика бойынша президент сыйлығымен марапатталды, Еліміздегі Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисті болды.
Қазақстан Журналистер одағы мен «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігі марқұмның туғандарына, достары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.

adimage