Белгісіз адам Қарағанды облысының тұрғынының көлігіне оқ атқан

   Қарағанды.28 наурыз.ҚазТАГ- Белгісіз адам Қарағанды облысының тұрғынының көлігіне оқ атқан , деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
  «30 жастағы ауданға қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны полицейлерге белгісіз біреу бұзақылық әрекеттер арқылы үйінің ауласында тұрған көлігіне үш рет оқ атып, қашып кеткені туралы хабарлады. Жәбірленуші ешқандай жарақат алмаған, оның көлігі ғана зардап шеккен»,- делінген хабарламада.
   Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Ұсталған азамат жәбірленушімен бұрын болған кикілжіңнен кек алу мақсатында аңшы мылтығынан оқ атқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
  «ҚР ҚК 24-99 “Адам өлтіруге оқталу“ бабымен қылмыстық іс қозғалды. Мылтық тәркіленді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды», -деп мәлімдеді полицейлер.

adimage