Белсенді ана: Балалар дәрігерлердің кесірінен мүгедек болып жатыр, неге бәрі Біртановты құптай береді?

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Ұлы Елхан Абылайхан дәрігерлердің кесірінен мүгедек болып қалды деп кінәлап отырған көпбалалы ана Ботагөз Шынықұлова, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Елжан Біртановты денсаулық сақтау жүйесіндегі қателіктер үшін жауапкершілікке неге тартпайды деп сұрады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Менің шыққан себебім (Ақордаға – ҚазТАГ) ұлым денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы салдарынан мүгедек болып қалды. Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысында қетіліктер көп. Бәрі министр Біртановты (Елжан – ҚазТАГ) құптайды. Неге оны бәрі құптайды? Оның жұмысында қателіктер көп, соның қателігінен балаларымыз мүгедек болып жатыр», - деп мәлімдеді Шынықұлова дүйсенбіде көпбалалы аналар жиналған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің фойесінде.
Ол сондай-ақ, жұмыс тобының құрамына әлеуметтік көмекке қатысты шамамен 300-дей ұсыныс енгізілгенін, алайда билік олардың кейбірін ғана ескергенін айтты.
Бұған дейін хабарланғандай, көпбалалы аналар Нұр-Сұлтанда Ақорда мен үкіметке әлеуметтік төлеуді көтеру және тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты талаптарымен келген еді. Әйелдер АӘТ тағайындалуының жаңа форматына көңілдері толмайтындарын және әлеуметтік төлемдер инфляция үнемі көтеріліп жатқан жағдайда қажетті азық-түлік өнімдері мен ең басты қажеттілік заттарын алуға жеткіліксіз екенін жеткізді.
Кейін көпбалалы аналар ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шенеуніктерімен кездесті. Олар атаулы әлеуметтік көмек көлеміне, жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтарға жауап бере келіп, мұның елдегі экономикалық жағдайдың төмендігімен байланысты екенін түсіндірді.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.

adimage