Белсенділер Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қайтыс болған Дулат Ағеділдің өлімін тексеру бойынша штаб құрды

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан/Толқын Тәшімов. Белсенділер Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қайтыс болған Дулат Ағеділдің өлімін тексеру бойынша штаб құрды
«Біз ертеңгісін Жетіген, 27-де тергеу изоляторы алдында штаб құрдық және ортақ келісіммен таңдадық, оған Жанат Нұрқышев, Қайрат Сейтқалиев, Назым Серікбаева, Марат Мұсаев кірді. Бұл штаб – қазір олардың барлығын ұстап әкетті, олар полиция басқармасында. Бізге штабымыздың барлығына қатысқандары керек», - деді агенттік тілшісіне белсенді Гүлмира Қалықова сейсенбі күні.
Еске салсақ, саяси белсенді Дулат Ағеділ 25 ақпан күні ертеңгісін Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қайтыс болды. Полиция ол мас болған-мыс және жүректен кетті деген нұсқаны алға тартуда, алайда белсендінінің жақтастары мен достары оның ешқашан ішпегенін және денсаулығында кінәрат болмағанын айтып, қарсылық білдіруде.

adimage