Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Конституцияға қарамастан парламенттің жоғары палатасының басшысы болды, деп хабарлады «Түркіменстан сегодня».
«30 наурызда Гурбангулы Бердымухамедов парламент мүшесі болды. Ол сонымен қатар, ел үкіметінің төрағасы болып табылады. Осылайша, президент Бердымухамедов енді бір мезетте елдегі заңнамалық және атқарушылық билікті де басқаратын болады», - делінген хабарда.
Төраға қызметіне мемлекет басшысын палатаның бірінші отырысында кеңес мүшелерінің жасырын дауыс беруі қорытындысымен сайлаған.
Бұл ретте, Түркіменстан Конституциясының 83 бабы бойынша халық мәслихаты мүшелеріне және мәжіліс депутаттарына бір мезетте үкіметте қызмет атқаруға тыйым салынады.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51