Бетперде киген қарулы топ Өзбекстанмен шекарадағы тәжік шекара заставасына шабуыл жасады

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Бетперде киген қарулы топ Өзбекстанмен шекарадағы тәжік шекара заставасына шабуыл жасады, деп хабарлады Тәжік телеграф агенттігінен (ТәжікТА).
«2019 жылы 6 қарашаға қараған түні сағат 03:23-те белгісіз 20 адамнан тұратын қарулы топ тәжік-өзбек шекарасындағы «Сұлтанабад» шекара отряды әскери бөлімінің №4 «Ишкабад» шекара заставасына қарулы шабуыл жасаған. Қақтығыс кезінде олар 5 атыс қаруын қолға түсірген (МКМ). Күш құрылымдарының жедел әрекет етуінің арқасында қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, 5-еуі қамауға алынды»,- деп хабарлады ТР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) шекара әскерлерінің баспасөз орталығынан сәрсенбі күні.
Хабарда атап өтілгендей, қарулы қақтығыста бір шекара әскері мен ТР ішкі істер министрлігінің бір қызметкері мерт болған.
«Қазіргі таңда оқиға орнында шұғыл-тергеу тобы құрылған және тергеу жалғасуда», - делінген хабарда.

adimage