Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылсын», - делінген сәрсенбідегі президенттің жарлығында.
Б. Атамқұлов қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін 2016 жылдан бері атқарған. Оған дейін 2015 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.
Еске салсақ, бұған дейін ҚазТАГ ХАА дерек көзіне сілтеме жасай отырып, пезиденттің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты ауыстыруы мүмкін екенін хабарлаған еді.

adimage