Бейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:20, 10-01-2019.

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -22-24, күндіз -16-18.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -3-5.
Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз, екпіні 10 м/с дейін жел тұрады. Күндіз +8+10, түнде 0-2.
Алматы облысында түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с дейін жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде – 7-12.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз +6+11, түнде -3+2.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде аздағана қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Ауа температурасы күндіз 0+5, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр ажуып, арты қарға ұласады, кей жерлерде тұман түседі және көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -3+2.
Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын тұрады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -12-17, түнде -17-22 (оңтүстігінде -14).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде - 7-12.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. . Күндіз -15-20, түнде -20-25.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -3-8, түнде -9-14.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -12-17, түнде -20-25
Қостанай облысында кей жерлерде тұман. Күндіз -15-20, түнде -25-30.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -15-20, түнде -17-22.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз-15-20, түнде -22-27.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -12-17, түнде -15-20.
«Алдағы тәулікте синоптикалық болжамдардың негізінде республиканың оңтүстігіндегі таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, оңтүстік - шығысындағы өзендерде мұз қату үрдісінің әлсіреуінен су деңгейінің көтерілуі, сең қалыптасуы мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: