Бейсенбі күні Ақмола облысында бұрқасын күтіледі

Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Ақмола облысында бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«9 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage