Бейсенбі күні Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады деп күтілуде

Күні: 17:21, 13-11-2019.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«14 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 14 қарашада түнде және таңертең тұман, жаяу бұрқасын күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.


Жаңалықтармен бөлісу: