Бейсенбі күні Ақмола және Қостанай облыстарында қар, тұман және көктайғақ күтіледі

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Ақмола және Қостанай облыстарында қар, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 12 желтоқсанда күндіз тұман, көктайғақ күтіледі. 12 желтоқсанда Қостанай облысында күндіз қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: таңертең және күндіз 12 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage