Бейсенбі күні Ақмола және Қостанай облыстарында бұршақ күтіледі

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Ақмола және Қостанай облыстарында бұршақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Тәулік бойы 16, түнде 17 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 16 тамызда кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Астана қ.: таңертен және күндіз 16, түнде 17 тамызда найзағай күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«16 тамызда Қостанай облысында найзағай, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %», - делінген хабарда.

adimage