Бейсенбі күні Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарында күшті жел күтіледі

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарында күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«10 қазанда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 10 қазанда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с күтіледі. Күндіз 10 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз 10 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі», - делінген дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.

adimage