Астана. 1 тамыз. ҚазТАГ- 1 тамызда синоптиктер Ақтөбе және Ақмола облыстарында найзағай ойнап, күшті жел тұрады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1 тамызда Ақтөбе облысында кей жерлеред найзағай ойнайды, дауыл тұрады. оңтүстік-батыстан, батыстан түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с болатын жел тұрады. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. 1 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз кей жерлерінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Көкшетау қ: 1 тамызда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.
Бейсенбі күні Ақтөбе және Ақмола облыстарында найзағай ойнап, күшті жел тұрады
