Бейсенбі күні Ақтөбе және Қызылорда облыстарында желдің күшеюі күтілуде

Күні: 19:06, 16-01-2019.

Астана. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Ақтөбе және Қызылорда облыстарында бейсенбіде жел күшейеді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«17 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз кей жерлерде тұман түседі», - делінген сәрсенбідегі дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«17 қаңтар күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, 18-19 қаңтар күндері жел екпіні 23 м/с дейін жетуі ықтимал», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: