Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Алматы аудандарының бірінде 2,5 тәулік газ болмайды, деп хабарлады «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистралды газ құбыры басқармасы» филиалының баспасөз қызметінен.
«Қоқысты іріктейтін кешенге диаметрі 720 мм болатын жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізуге байланысты 11 қазаннан бастап 13 қазанға дейін «Алматы –Бішкек» тас жолының 2-19 шақырымында Момышұлы- Ақын Сара- Байзақ батыр- Қалқаман көшелерінің төртбұрышындағы 1916 жеке үйлер мен 845 ұжымдық сектор бойынша газ болмайды. Жалпы газ 2,5 тәулік болмайды», - деп хабарлады сейсенбіде «Алматыгаз».
Компанияда нақтылағандай, газ қосу бойынша жер жұмыстары Алатау ауданы, Ақсай - Абай көшелері (Алғабас ауылы) мекенжайында жүргізіледі.
Бейсенбі күні Алматы аудандарының бірінде 2,5 тәулік газ болмайды
