Бейсенбі күні Алматы облысында және Алматы маңында су деңгейінің көтерілуі мүмкін

Күні: 18:20, 30-01-2019.

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Алматы облысында және Алматы маңында су деңгейінің көтерілуі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қатты жауын-шашын болуына байланысты 31 қаңтарда Алматы облысы мен Алматы маңында 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында қардың еруі және қар суының қалыптасуы, мұз қату құбылыстарының әлсіреуі, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында, синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы 28-33 граусқа дейін төмендеуі, кей жерлерде 37-42 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90%.


Жаңалықтармен бөлісу: