Бейсенбі күні Астанада электр дабылдарын іске қосу жүйелері тексеріледі

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Астанада бейсенбі күні электр дабылдарын іске қосу жүйелері тексеріледі, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық департаменттен.
«Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары! Осы жылдың 10 қаңтарында сағат 09:55-те теле-радио арналарды тоқтату және электр дабылдарды қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі», - делінген хабарда.
Хабарда төтенше жағдай орын алған кезде немесе сондай қауіп төнген жағдайда электр дабылдар немесе басқа да дабыл құралдары іске қосылатынын, оның «Баршаңыздың назар аударуыңызды сұраймыз!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіретінін еске салды. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радио және тағы басқа) қосып, іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпаратты алуы керек.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Астана қ. ТЖ департаменті электр дабыл кезінде сабыр сақтауға шақырады», делінген хабарда.

adimage