Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Күні: 09:07, 18-10-2018.

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғысынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашынды, республиканың батысында, оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (көбіне қар жауады), көктайғақ, оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады, ертеңгісін екпіні 15-20 м/с, +1+3. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз,  түнде және ертеңгісін тұман, 0-5 м/с жел тұрады, +5+7.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, 15-20 жел тұрады,  екпіні 23-28 м/с, сәйкесінше, +1+6, +1+6, +5+10, 0+5, 0+5
Қызылорда облысында да жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 жел тұрады, екпіні 23-28 м/с, +10+15.
Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с жетеді, +6+11, +8+13. Бұл ретте Түркістан өңірінде жауын-шашынды.  
Қостанай облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, +2+7.
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында  түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, Алматы облысында кей жерлерде көктайғақ,  сәйкесінше, +4+9, +14+19, +7+12. Бұл ретте Алматы өңірінде аздаған қар жауады.  
Маңғыстау және Ақтөбе өңірлерінде жауын-шашын болмайды,  +15+20, +5+10.
Алдағы тәулікте Қайраққұм су қоймасынан ығысқан судан толқынның таралуы салдарынан Шардара су қоймасына судың келуінің артуы сақталады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы жекелеген өзендерде қар аралас жаңбырдың жаууына байланысты су деңгейі құбылып тұрады.



Жаңалықтармен бөлісу: