Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде бұрынғысынша жаңбыр жауады, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады, тек батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, жел тұрады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде +3+5.
Алматыда бұлтты, жаңбыр жауады, түнде нөсер жаңбыр жауады, күн күркрейді. 3-8 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 13м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде +6+8.
Шымкентте күн күркірейді, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +7+9.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр ажуады, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/сд ейін жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +9+14, түнде +2+7.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с болады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде +3+8.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде де жауын-шашынды, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрадыдеп күтілуде, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +5+10, түнде +1+6.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз ккей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +8+13, түнде +2+7.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +10+15, түнде +2+7.
Жамбыл облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +5+10.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +10+15, түнде +4+9.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +3+8.
Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +14+19, түнде +3+8 (солтүстік және таулы аудандарда -1).
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркіреп, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Күндіз +15+20, түнде +4+9.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +6+11.
Ақтөбе облысында ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +2+7.
Атырау облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндіз +17+22, түнде +5+10.
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +3+8.
«Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууына байланысты (кей жерлерде нөсер жаңбыр) су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Павлодар облысы маңындағы Ертіс өзенінде су көлемінің ары қарай артуы күтіледі. Сергевский су қоймасының төменгі жағындағы Есіл өзенінде де су деңгейі артады, соған байланысты су тасулар болуы мүмкін»,- деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51