Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты елдің басым аумағында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Тек батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынды (жаңбыр, қар), жаяу сырма соғады, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0 шамасында.
Алматыда күн бұлтты, түнде және күндіз жауын-шашынды (көбіне жаңбыр жауады). 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз және түнде +4+6, күндіз ары қарай төмендей береді.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынды, түнде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Батыстан 8-13 м/с жел тұрады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз ++2+4, түнде 0+2.
Ақмола облысында аздаған қар аралас жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын тұрады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз және түнде -2+3.
Солтүстік Қазақстан облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ. Күндіз және түнде -2+3.
Павлодар облысында күндіз жауын-шашын күтіледі, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде қатыт жауын-шашын болады, 15-20 м/с жел трады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Қарағанды облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын болады, тұман, көктайғақ. Күндіз және түнде -2+3.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде, түнде бүкіл өңір бойынша аздаған қар аралас жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу сырма соғады. Күндіз -2+3, түнде -1-6.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын күтіледі, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде -2+3.
Жамбыл облысында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Түркістан облысында жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде қатты, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +1+6, түнде -1+4.
Қызылорда облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде 0-5.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады. күндіз +6+11, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +8+13, түнде -2+3.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күндіз кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады, кей жерлерде –тұман. Күндіз +1+6, түнде 0-5.
Ақтөбе облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде кей жерлерде жаяу сырма соғады, көктайғақ, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Алматы облысында күндіз бүкіл өңірде, түнде кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде +1+6.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен батысындағы өзендерде мұз қату құбылысы ары қарай төмендейді. Қазақстанның жазықтық аумағындағы қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.


adimage