Бейсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, кей жерлерде қалың жауын-шашын түседі, жаңбыр және қар жауады. Тек республиканың батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстігі мен шығысында – көктайғақ, бұрқасын соғады, батысында шаңды дауыл тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз +4+6.
Алматыда күн бұлтты, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, жылымық қар). Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +3+5.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін қатты жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +6+8.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +3+8 (оңтүстігінде +14), түнде -2+3 (оңтүстігінде +7).
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. Күндіз +1+6 (оңтүстік-батысында +9), түнде -3-8.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +10), түнде -2-7 (солтүстігінде -10).
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында азадаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5 (оңтүстік-шығысында +8), түнде -3-8.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде облыстың сол бөлігінде жаңбыр азаяды, бірақ қар жауу күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8 (оңтүстігінде +11), түнде -2-7 (оңтүстігінде+3).
Түркістан облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар жаууы күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (оңтүстігінде +13), түнде 0-5 (оңтүстігінде +3).
Жамбыл облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, күндіз таулы жерлерде қар күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8 (солтүстік-шығыснда 0), түнде -2+3 (солтүстігінде -5).
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +9+14 (оңтүстігінде +17), түнде 0+5 (солтүстігінде -3).
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -2+3 (солтүстігінде -5).
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады,күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15 (солтүстік-шығысында +7), түнде -1-6 (батысында +2).
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +7+12, түнде 0+5 (солтүстік-шығысында -3).
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде 0-5.
Алматы облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде қалың қар жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнді және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8 (солтүстігінде 0), түнде 0+5 (солтүстігінде -3).
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +18), түнде 0+5 (батысында -3).
«Алдағы үш тәулікте Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктемгі су тасқыны ары қарай жалғасады, мұз қату әлсірейді, су деңгейінің көтерілуі мүмкін, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынның болуына байланысты, кей жерлерде қалың жауын-шашынның түсуіне орай су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage