Бейсенбі күні Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Қызылорда. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады, күші облыстың басым бөлігінде 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде 25 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.

adimage