Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:35, 17-10-2019.

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында фронталдық бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты байқалатын болады, басым бөлігінде жаңбыр жауады, шығысында нөсер жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек оңтүстігі мен батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +3+5, түнде 0+2.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Түнде 0-5 м/с жел тұрады, күндіз 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +6+8.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +5+7.
Ақмола облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -2+3.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді, таулар мен тау маңдарында жауын-шашынды, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +5+10.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +17+22, түнде +6+11.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде кей жерлерде жауын-шашын болады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде 0+5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +18+23, түнде +7+12.
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +11+16, түнде +3+8.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +2+7, түнде 0+5.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде, түнде барлық өңірде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел түрады. Күндіз 0+5, түнде -3+2.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде -3+2.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +5+10, түнде +5+10.
Түркістан облысында күндіз +18+23, түнде +3+8.
Қызылорда облысында күндіз +10+15, түнде +5+10.
«Алдағы күндері жауын-шашынның түсуіне байланысты,и кей жерлерде нөсер жауын-шашынға байланысты республиканың шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы өзендерде судың көбеюі байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер


Жаңалықтармен бөлісу: