Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады деп күтілуде

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың батыс бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді, соған байланысты жаңбыр және қар жауады, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қалың жауын-шашын түседі. Тек оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстан бойынша тұман түседі, жел тұрады, көктайғақ, ҚР солтүстік өңірлерінде бұрқасын», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, кейде аздаған жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, ертеңгісін жне күндіз жаңбыр жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5+7.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз және ертеңгісін жауын-шашынды, кейде қалың жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Солтүстік –батыстан соққан жел шығысқа ауысады, екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1+1, күндіз +7+9.
Ақмола облысында күндіз -2+3, түнде -4+1.
Алматы облысында күндіз және түнде +5+10.
Жетісу облысында күндіз +3+8, түнде +3+8.
Түркістан облысында күндіз +6+11, түнде -2+3.
Батыс Қазақстан облысында күндіз 0+5, түнде -2-7.
Атырау облысында күндіз +2+7, түнде -2+3.
Маңғыстау облысында күндіз +9+14 (солтүстік-шығысында +4), түнде +3+8 (солтүстік-шығысында -2).
Ақтөбе облысында күндіз -1-6 (батысында, оңтүстігінде +2), түнде -5-10.
Қостанай облысында күндіз және түнде 0, -5.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз және түнде -4+1.
Павлодар облысында күндіз +1+6, түнде 0,-5.
Қарағанды облысында күндіз -2+3 (оңтүстігінде +6), түнде -2+3.
Ұлытау облысында күндіз және түнде 0,-5.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +2+7 (оңтүстігінде +10), түнде 0, -5 (солтүстігінде, шығысында -10-15).
Абай облысында күндіз +2+7 (оңтүстігінде +12), түнде -3+2 (солтүстігніде, шығысында -7).
Қызылорда облысында күндіз +2+7, түнде -1-6.
Жамбыл облысында күндіз және түнде +3+8.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.


adimage