Бейсенбі күні Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:27, 07-02-2019.

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталдық бөліктердің өтуіне орай Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында кей жерлерде жауын-шашынды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -25-27, түнде -35-37.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -6-8, түнде -13-15.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 0-2 , түнде -15-17.
Жамбыл облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде-тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -15-20, оңтүстігінде -10.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде - тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде - тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0-5, түнде -5-10.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде - тұман, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде қатты аяз. Ауа температурасы күндіз 0-5 (оңтүстігінде +2), түнде -13-18 (оңтүстігінде-8).
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде – тұман, түнде қатты аяз. Күндіз -26-31, түнде -36-41.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде өте қатты аяз болады. Күндіз -12-17 (таулы аймақтарда-4-9), түнде -16-21 (таулы аймақтарда -13).
Қызылорда облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -9-14, түнде -18-23.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде тұман. Күндіз -20-25, түнде -30-35.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде қатты аяз болады. Ауа температурасы күндіз -25-30, түнде -34-39.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде қатты яаз болады. Күндіз -25-30, түнде -32-37.
Қарағанды облысында кей жерлерде жауын-шашынсыз, кей жерелерде - тұман, түнде қатты аяз болады, кей жерлерде өте қатты аяз болады. Күндіз -22-27 (оңтүстігінде -18), түнде -30-35 (оңтүстігінде -27).
Маңғыстау облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, түнде қатты аяз болады. Күндіз -25-30, түнде -35-40.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -8-13, түнде -17-22.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы тау маңы өзендерінде мұз қату құбылысы күшейеді және су деңгейінің құбылуы күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: