Бейсенбі күні Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«7 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасының 11-16, облыстың таулы аудандарында 2-7 жылыдан 3 градус аяз - 2 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6-11 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Алматы қ.: 07 желтоқсанда күндіз ауа температурасының 14-16 градус жылыдан 1 градус аяз – 1 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Қонаев қ.: 07 желтоқсанда күндіз ауа температурасының 11-13 градус жылыдан 0-2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі», – делінген хабарда.
7 желтоқсанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
7 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 07 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі.
7 желтоқсанда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
7 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 07 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 07 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.
7 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
7 желтоқсанда түнде Ақтөбе облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
7 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Өскемен қ.: 07 желтоқсанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
7 желтоқсан түнде Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 07 желтоқсанда түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
7 желтоқсанда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 07 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
7 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Семей қ.: 07 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
7 желтоқсанда Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
7 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 07 желтоқсанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

adimage