Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын-шашын түседі (көбіне жаңбыр жауады). Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде 0+2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін аздаған жаңбыр жауады. 1-6 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +2+4.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +6+8.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -2-7.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16, түнде -2+3.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +3+8.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +6+11.
Жамбыл облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, +1+4 үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +15+20, түнде +2+7.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +13+18, түнде 0+5.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +3+8.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. 15-20 м/с жел тұрады. Төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +2+7.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, тұман түсуі мүмкін. Күндіз +12+17, түнде +1+6.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, төтенше өрт қаупі сақталады. Топырақ бетінде +1+3 үсік жүреді. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +18), түнде 0+5 (оңтүстігінде +8).
Алматы облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған жаңбыр жауады. +1+4 үсік жүреді. Күндіз +14+19, түнде +1+6.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде +8+13.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде 0-5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34