Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:31, 11-07-2019.

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысы мен шығысында ғана атмосфералық фронттар өтеді, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Тек солтүстігінде түнде тұман күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +15+17.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +19+21.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік - шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +38+40, түнде +21+23.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +36+41, түнде +20+25.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +14+19.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +10+15.
Қызылорда облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +38+43, түнде +22+27.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +13+18.
Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +19+24.
Түркістан облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +35+40, түнде +19+24.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +15+20.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +12+17.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +10+15.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай. Күндіз +30+35, түнде +22+27.
Атырау облысында түнде кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай. Күндіз +30+35, түнде +20+25.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Павлодар облысында күндіз +25+30, түнде +12+17.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Түркістан облысы шетіндегі Сырдария өзенінде шардара су қоймасыныан судың келуіне байланысты су деңгейінің көтерілуі байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: