Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Циклон, және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуі ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипатын сақтайды: қар жауады, елдің оңтүстік-шығысында қалың қар жауады, бұрқасын болып, жел күшейеді. Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс өңірлеріне антициклон ықпал етеді – жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында – көктайғақ. Жетісу облысы Алакөл көлдерінің аумағында 30 м/с дейін жел күшейеді», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -26-28, күндіз -23-25.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, тұман, көктайғақ, жолдарда қалың қар. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -13-15, күндіз -5-7.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, түске дейін түнде қалың қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -14-16, күндіз -5-7.
Ақмола облысында түнде және ертеңгісін солтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы күндіз -21-26 және түнде -25-30.
Ұлытау облысында түнде солтүстігі мен шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -27-32 және күндіз -20-25.
Қарағанды облысында батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде қар жауады. Ауа температурасы түнде -25-30 және күндіз -21-26.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -11-16, түнде -19-24.
Атырау облысында да жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -13-18 және күндіз -5-10.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -5-10 және күндіз -3+2.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде -24-29 және күндіз -15-20.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -23-28 және күндіз -15-20.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауады. Ауа температурасы түнде -25-30, күндіз -20-25.
Павлодар облысында оңтүсігінде және шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -23-28 және ертеңгісін -20-25.
Абай облысында қар жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз -15-20.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Ауа температурасы күндіз -10-15 және түнде -15-20.
Қызылорда облысында түнде шығысында қар жауады. Түнде -15-20 және күндіз ауа температурасы -10-15.
Түркістан облысында түнде оңтүстігінде тауларында қар жауады. Ауа температурасы түнде -11-15 және күндіз -5-10.
Жамбыл облысында тауларында қар жауады. Күндіз -8-13, түнде -10-15.
Алматы облысында оңтүстігінде тауларында қар жауады. Ауа температурасы күндіз және түнде -10-15.
Жетісу облысында тауларында, сондай-ақ шығысы мен орталығында қар жауады. Ауа температурасы түнде -10-15, күндіз -5-10.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерінде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер.
Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында қар жауады деп күтілуде
