Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында синоптиктер қар жауады және тұман түседі деп болжауда

Күні: 09:25, 24-01-2019.

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында синоптиктер қар жауады және тұман түседі деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, фронталдық бөліктердің өтуіне орай қар жауады, тұман түседі. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, жел күшейеді», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, тұман, бұрқасын, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрып, ол солтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз -5-7, түнде 10-12
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -5-7.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.  Ауа температурасы күндіз +6+8, түнде -2-4.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, түнде барлық өңірде қар, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман, бұрқасын. Күндіз және түнде -13-18.
Қарағанды облысында кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман, бұрқасын. Күндіз -4-9, түнде -8-13.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, түнде барлық өңірде қар жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман, бұрқасын. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -9-14.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде қар жауады деп күтілуде, түнде және ертеңгісін кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, тұман, бұрқасын. Күндіз -20-25, түнде -23-28.
Алматы облысында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -1+3, түнде -5-10.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Ауа температурасы күндіз +3+8, түнде -2-7.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, түнде кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -1+4, түнде -3-8.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -1+4, түнде -2-7.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -5-10, түнде -14-19.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -13-18, түнде -22-27.
Павлодар облысында күндіз барлық өңірде, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -16-21.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, күндіз 15-0 м/с жел тұрады.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы көптеген өзендерде мұз қату құбылысы және оңтүстіктегі өзендердегі су деңгейінің құбылуы күшейеді», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: