Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:25, 28-03-2019.

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым аумаында жауын-шашын түседі, оңтүстігінде кей жерлерде қалың жауын-шашын түседі, тек республиканың батысы мен шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз кейде жаңбыр жауады. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0 -2, күндіз +7+9.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. 2-7 м/с жел тұрады, түнде екпіні 10 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +17+19.
Шымкентте күн күркірейді, 4-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +8+10.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде -3+2.
Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +17+22, түнде +7+12.
Қызылорда облысында кей жерлердекүн күркірейді, тұман түседі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +14+19, түнде +8+13.
Түркістан облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +15+20, түнде +7+12.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +1+6, түнде -2-7
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -2+3.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде +3+8.
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +11+16, түнде 0+5.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде -3-8.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлердежаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 18 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +7+12 .
«Алдағы тәулікте орталықтағы, солтүстік пен батыстағы өзендерде мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі жалғасады, республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: