Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашындатады

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан аумағында бейсенбі күні жауын-шашындатып, тұман түседі, көктайғақтанады және жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түс ауа жауын жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады, ауа температурасы күндіз +6+8.
Алматыда ала бұлтты, оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы +17+19.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысының кей жерлерінде,  Қостанай облысының кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде тұман, көктайғақтанады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы, сәйкесінше, -2+3, +3+8, 0,+5. Павлодар облысының кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз +5+10.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде көктайғақтанады, ауа температурасы +5+10, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде жауын жауады, +5+10; осы өңірдің кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады.
Оңтүстік Қазақстан облысында, Алматы және Қызылорда облыстарында аздап жауын жауады, тұман, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +20, +21 және +18 градус.
Маңғыстау облысында жауын жаумайды, күндіз +11+16, Атырау облыстарында аздап жауын жауады, +6+11; осы өңірдің кей жерлерінде тұман түседі. Батыс-Қазақстан  облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, 0,+5, Ақтөбе облысында кей жерлерінде жауын жауады, осы өңірдің кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады
Жақын күндері Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде (Бұқтырма, Оба, Үлбі және т.б.) жауынға байланысты су деңгейі көтеріле береді, кей жерлерінде су арнасынан асады. Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасының төменгі жағында су деңгейі құбылып тұрады.
Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде су ағымы арта түседі.

adimage