Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыша жоғары қысым ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың шығысында Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, солтүстігінде - тұман», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +24+26, түнде +8+10.
Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +17+19.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +20+22.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, қатты ыстық, 15-20 м/с шаңды дауыл тұрады. Күндіз +30+35, түнде +18+23.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с дейін жетеді, шаңды дауыл соғады. Күндіз +35+40, түнде +18+23.
Қостанай облысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, қатты ыстық күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +17+22.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29, түнде +7+12.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, ертеңгісін және түнде тұман түседі. Күндіз +21+26, түнде +5+10.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +6+11.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +21+26 (батысында +31), түнде +6+11 (оңтүстігінде +15+20).
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, қатты ыстық сақталады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +29+34, түнде +17+22.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, қатты ыстық күтіледі. Күндіз +30+35, түнде +17+22.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Күндіз +36+41, түнде +21+26.
Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, төтенше өрт қауіптілігі сақталады, дауыл тұрады. 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз +18+23, түнде +4+9.
«Алдағы тәулікте республиканың жазықтық аумағында су көлемінің төмендеуі жалғасады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage