Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар және бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, солтүстік-батысында кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстігі мен шығысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстік-шығысы мен солтүстігінде кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ол солтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз 2-4, түнде -5-7 шамасында.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде 0 шамасында.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде -1+1.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен сырма соғады, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз және түнде -2-7 (ары қарай төмендей береді).
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -2-7.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз ей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -2-7.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -7-12.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -4+1.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +9+14, түнде -2+3.
Түркістан облысында тауларда аздаған қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде -2+3
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +5+10, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
«Алдағы күндері республиканың таулы өзендерінде су көлемінің құбылуы байқалады. Республиканың солтүстік жартысындағы өзендерде су бетінің салқындауы жалғасады және мұз қату күшейеді», - дейді синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34