Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Бұрынғыша Солтүстік-батыс циклонның ықпалымен еліміздің басым аумағында қар жауады, оңтүстігінде – жауын-шашынды, орталығында – жауын-шашынды, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар). Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында және шығысында көктайғақ», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -9-11.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде 0-2.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 8-13 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде +1+3.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -3-8 (оңтүстігінде 0), түнде -7-12 (оңтүстігніде -4).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсседі, көктайғақ, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -12-17.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде +4), түнде -2-7 (солтүстігінде -10-15).
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -16-21 (оңтүстік-шығысында -13), солтүстігінде -18-23 (оңтүстік-шығысында -15).
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -10-15.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15 (солтүстігінде -3), түнде 0+5.
Алматы облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (солтүстігінде -10), түнде 0-5 (солтүстігінде -13-18).
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жел тұрады. Күндіз +9+14, түнде -3+2.
Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -9-14, түнде -11-16.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу сырма соғады. Күндіз -17-22 (оңтүстігінде -14), түнде -2-3 (оңтүстігінде -15-20).
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -13-18 (оңтүстігінде -10), түнде -18-23 (оңтүстігінде -15).
Маңғыстау облысында күндіз көктайғақ. Күндіз -2-7 (солтүстігінде -10), түнде -5-10 (солтүстігінде -13-18).
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -8-13 (солтүстігінде -16), түнде -15-20 (солтүстігінде -25).
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -17-22 (оңтүстігінде -14), түнде -25-30 (оңтүстігінде -22).
«Алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысының әлсіреуі күтіледі», - деп ескертті синоптиктер



adimage