Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:32, 25-07-2019.

Астана. 25 шілде. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік –батыстан, солтүстіктен 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +25+27.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +20+22.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +20+22
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз + 22+27, түнде +12+17.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +13+18.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, күндіз 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +14+19.
Павлодар облысында кей жерлерде дауыл тұрады, тұман түседі, 18 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +12+17.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Күндіз +33+38, түнде +24+29.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +18+23.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +17+22.
Атырау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық сақталады. Күндіз +34+39, түнде +21+26.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +23+28, түнде +10+15.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +18+23.
Ақтөбе облысында қатты ыстық күтіледі, күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +17+22.
Қызылорда облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +20+25.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Күндіз +28+33, түнде +14+19.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде жаңбыр жаууына, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: