Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:29, 08-08-2019.

Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жоғары атмосфералық қысым алаңының және құрғақ оңтүстік циклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстігінде, солтүстік –шығысында, шығысы мен орталығында ғана Мурманск ауданынан келетін солтүстік-батыс циклонның ықалымен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел тұрады, шаңды дауыл соғады, солтүстігінде кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік - батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде 11+13.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +21+23, күндіз +35+37.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 8-13 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +23+25.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін тұман түседі, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +17+22, түнде +7+12.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде шаңды дауыл соғады, күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +36+41, түнде +20+25.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +10+15.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +12+17.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз+27+32, түнде +17+22.
Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +22+27.
Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +328+33, түнде +18+23.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +18+23.
Ақтөбе облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +7+12.
Ақмола облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +8+13.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +27+32, түнде +20+25.
Атырау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +27+32, түнде +16+21
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз+22+27, түнде +10+15.
«Алдағы тәулікте ресубликаның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: