Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.  Республиканың солтүстігі мен шығысында түнде және ертеңгісін тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарында.  
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде күндіз жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрып, оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз +21+23. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.  
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +27+29.
Ақмола, Солтүстік Қазақстанда, күндіз Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында жаңбыр жауады,  15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше +19+24, +15+20, +17+22, +20+25 және +16+21.
Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін,  +17+22, +12+17.
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде күн ашық, жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, екі өңірде де +18+23.
  Қызылорда облысында кей жерлерде дауыл тұрады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, +21+26.  
Алакөл көлдерінің аумағындағы Алматы облысында  15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с,  жалпы аудан бойынша жауын-шашынсыз, +26+31
Түркістан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады,  +22+27, +23+28.
Қостанайда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, +12+17.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады.


adimage