Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күшті жел тұрады және шаңды дауыл соғады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел тұрады, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, республкианың солтүстігінде түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 7-12 жел соғып, солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +10+12.
Алматыда бұлтты, жаңбыр жауады, түнде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады, найзағай ойнағанда 13 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +16+18.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +26+28, түнде +15+17.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +8+13.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +19+24, түнде +10+15.
Жамбыл облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +14+19.
Түркістан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +26+31, түнде +15+20.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +12+17.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +10+15.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, түнде және ертеңгісін тұман түседі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында түнде өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, оңтүстігінде кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +10+15.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр ажуады, найзағай, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +10+15.
Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде дауыл күтіледі, 18-23 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +13+18.
Қызылорда облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және ертеңгісін кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +12+17.
Маңғыстау облысында күндіз +25+30, түнде +13+18.
Атырау облысында күндіз +28+33, түнде +13+18.
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз+25+30, түнде +11+16.
«Алдағы тәулікте ресубликаның оңтүстігі мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі аздап құбылады. Алматы облысының таулы өзендерінде нөсер жаңбырдың жаууына байланысты су көлемі артады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күшті жел тұрады және шаңды дауыл соғады деп күтілуде
