Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 20 маусым. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батысы мен солтүстік-батысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсызн. Шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +7+9.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін өткінші жаңбыр жауады, найзағай. 2-7 м/с жел тұрады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +15+17.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +15+17.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады. Ауа температурасы күндіз +19+24, түнде +7+12.
Алматы облысында тауларда және тау маңдарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +13+18.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай, 15-22 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +12+17.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +14+19.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай болады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +8+13.
Ақмола облысында түнде және ертеңгісін тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +6+11.
Павлодар облысында түнде және ертнеңгісін тұман түседі. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Атырау облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +18+23.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +20+25.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +12+17.
Қызылорда облысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +17+22.
Түркістан облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +13+18.
Қарағанды облысында күндіз +20+25, түнде +5+10.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +22+27, түнде +5+10.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендердің гидрологиялық режиімінде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.

adimage