Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде қатты жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:32, 29-11-2018.

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді фронталдық әрекет аумағында болады, жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты, екпінді жел сақталады, солтүстігінде бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ», - делінген синоптиктердің болжамында.
Астанада   бұлтты, жауын-шашынды (басымырақ қар жауады), бұрқасын, көктайғақ.  Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрып, ол солтүстік-батысқа ауысады, ертеңгісін және күндіз 15-20 метр секунд жел тұрады, екпіні 25 метр секунд жетеді. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз 0+2.
Алматыда  құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады.  Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +8+10.
Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз, екпіні 3-7 м/с жел тұрады. Күндіз +10+12,түнде 0+2.
Ақмола облысында жел күшейеді, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 метр/секунд болады,  екпіні 25 метр/ секунд, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25, кей жерлерде 30 метр/секунд және бұрқасын тұрады, кей жерлерде көктайғақ. Кндіз -2+3, түнде 0-5.  
Павлодар облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с, бұрұқасын соғады, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 метр секундқа дейін жетеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ. Күндіз -3+2, түнде 0-5.
Солтүстік Қазақстан облысында   15-20 метр/секунд жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын,  көктайғақ, тұман. Күндіз -3+2, түнде -8-13.
Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, тнде -2-7.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ күтіледі, 15-20 метр/секунд жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -2-7.  
Түркістан облысында түнде кей жерлерде тұман. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
Алматы облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +2+7, түнде -2+3.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 15-20м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -2+3.
Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз+5+10, түнде 0-5.
Атырау облысында кей жерлерде тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде 0-5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Батыс қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады.  Кндіз және түнде -10-15.
Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ күтіледі, төменнен бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -1-6.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде  мұз қату құбылысы әлсірейді, сең жүруі мүмкін.  Солтүстіктегі, орталық, батыс және шығыс облыстардағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы арф қарай күшейеді», - деп ескертеді синоптиктер.    


Жаңалықтармен бөлісу: