Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Астана.7 наурыз. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды, солтүстігінде көбіне қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жауын-шашынды (көбіне қар жауады), көктайғақ, төменнен сырма соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз -1+1.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +9+11.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +12+14, түнде +1+3.
Ақмола облысында түнде және күндіз қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28, кейде 30 м/с және одан да жоғары, кей жерлерде тұман. Күндіз -4+1, түнде -2-7.
Қостанай облысында жауын-шашынды, бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, кейде 30 м/с және одан жоғары. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынды, бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28, кейде 30 м/с және одан жоғары. Ауа температурасы күндіз -4+3, түнде -1-6.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз және түнде 0-5.
Ақтөбе облысында кей жерлерде түнде аздаған жауын-шашынды, тұман, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -2+3.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +6+11, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -2-7, түнде -12-17.
Павлодар облысында жауын-шашынды, кей жерлерде көктайғақ, тұман, жолдарда көктайақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с асады. Күндіз -3+2, түнде -5-10.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -0+5.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +8+13, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -8-13.
Түркістан облысында күндіз жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде -1+4.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, батысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады, қар суы мен ағын сулар қалыптасады, су деңгейі көтеріледі деп күтілуде», - деді синоптиктер.

adimage