Бейсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында қар жауады, екпінді жел тұрады және көктайғақ күтіледі

Күні: 09:19, 22-11-2018.

Астана. 22 қараша. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында қар жауады, екпінді жел тұрады және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді фронталдық әрекет аумағында болады, соған байланысты жауын-шашын түседі, республиканың оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел тұрады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады», - делінген синоптиктердің болжамында.
Астанада құбылмалы бұлтты, кей жерлерде қар жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз -1-3.
Алматыда   бұлтты, кейде жауын-шашынды (көбіне қар жауады), тұман, төменнен сырма соғады, жолдарда көктайғақ, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с, -1+1.  Ауа температурасы ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.  
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +7+9.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, тұман, көктайғақ, бұрқасын, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 25 м/с жетеді, сәйкесінше, -3+2, 0-5, -2+3, -3+2.
Түркістан облысында кей жерлерде қар, тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 дейін жел күшейеді, кей жерлерде 23-28 м/с,  +9+14.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, -2+3, -2+3.
Алматы облысында түнде кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, тұман, күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-0 м/с жел тұрады, +5+10.
Жамбыл облысында кей жерлерде қар күтіледі, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел күшейеді, ертеңгісін және күндіз екпіні 23-28 м/с болады, +9+14.
Қызылорда облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с, +5+10.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қар және тұман күтіледі, +2+7.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қар күтіледі, тұман, көктайғақ, -2+3, 0-5.
Ақтөбе облысында да қар жауады, -2-7.
Алдағы тәулікте республиканың солтүстігіндегі, орталық, шығыс облыстарындағы су нысандарында  ары қарай мұз қату құбылысы жалғасады. Қызылорда облысының шегіндегі Сырдария өзенінде сең қалыптасып, су деңгейінің көтерілуі мүмкін.  


Жаңалықтармен бөлісу: