Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз. Фронталдық бөліктердің өтуіне орай республиканың оңтүстігінде жауын-шашын болады, оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с құбылмалы жел тұрады. Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз -5-7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз +1+3.
Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады, 2-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +2+4 , түнде 0+2.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 жел тұрады,түнде екпіні 23 м/с. Күндіз -2+3, түнде -1-6.
Түркістан облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+6, түнде 0-5.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, арты қарға ұласады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с жел тұрады, екпіні 30 м/с дейін жетеді. Күндіз 0+5, түнде -3-8 (солтүстігінде -22).
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -8-13.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде бұрқасын, тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -15-20.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Атырау облысында кей жерлерде тұман. Күндіз -1+4, түнде -7-12.
Қостанай облысында да кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -5-10, түнде -15-20.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -14-19.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -5-10, түнде -13-18.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -10-15 (оңтүстігінде -5), түнде -18-23.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -15-20.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -5-10, түнде -15-20 (оңтүстігінде -10).
Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз -5-10, түнде -20-25.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау маңы аумақтарында қардың еруі және өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.
Бейсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
