Астана. 20 желтоқсан. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның батыс облыстарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжануда, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын түседі, батыс облыстарда ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді», - дейді синоптиктер.
Астанада көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады. Оңтүстік батыстан секундына 7-12 метр жел тұрады. Температура күндіз -16-18 ары қарай төмендей береді, түнде -18-20. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, тұман, көктайғақ. 2-7 м/с жел тұрады. Күндіз температура 0-2, түнде -4-6. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнде қар жауады. Күндіз температура 0-2, түнде -3-5. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз және түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -8-13, түнде -10-15.
Түркістан облысында күндіз жауын-шашынды, кей жерлерде қар, кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз температура 0-5, түнде -3-8.
Павлодар облысында күндіз ауа райы жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі, төменнен сырма соғады. Күндіз және түнде -13-18
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде төменнен сырма соғады, күндіз -13-18, түнде -17-22.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Жамбыл облысында күндіз және түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ,кей жерлерде төменнен сырма соғады. Күндіз -2-7, түнде -5-10.
Алматы облысында тау және тау маңдарында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -4-9
Қызылорда облысында күндіз жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жолдарда көктайғақ. Күндіз -3-8, оңтүстігінде 0, түнде -10-15, оңтүстігінде -7.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде жалпы облыс бойынша қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, төменнен сырма соғады. Күндіз -15-20, түнде -15-20
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0-5, түнде -4-9.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Ауа температурасы күндіз -8-13, түнде -15-20.
Ақтөбе облысында күндіз және түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -8-13, түнде -15-20.
Қостанай облысында күндіз және түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -7-12, түнде -17-22.
Қарағанды облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде кейбір жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -9-14, түнде -13-18.
«Алдағы күндерде республиканың шығысындағы және оңтүстік шығысындағы жазықтық аумақтарда ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар суының ағыны қалыптасуы мүмкін», - деп болжайды синоптиктер.
Бейсенбі күні Қазақстанның батыс облыстарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжануда
