Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:25, 06-06-2019.

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, тек батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады, боран соғады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +7+9.
Алматыда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +16+18.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, кешке қарай жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 8-13, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +18+20.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +11+16, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлреде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, боран соғады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде +2+7.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +22+27, түнде +12+17.
Павлодар облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +10+15, түнде +2+7.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +3+8.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршқа жауады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +5+10.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +6+11.
Түркістан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, дауыл соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +18+23.
Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, тауда және тау маңдарында нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +24+29, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +10+15.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +15+20.
Жамбыл облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан жоғары, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +16+21.
Маңғыстау облысында күндіз қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы күндіз +35+40, түнде +20+25.
Атырау облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +12+17.
«Алдағы тәулікте жаңбыр жаууына, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууына байланысты республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: